$ 495.2  522.34  4.94

«Қазақ қызының өзге ұлтқа ұзатылуына қарсымын» - күрт қызымен көңіл жарастырған әнші Кентал (ВИДЕО)

Ертең ұрпағың шоқынды болып қалады, өз дәстүрін, өз тілін сыйламайтын сондай болып кетуі мүмкін.

Өзге ұлтқа күйеу бала атанған өнер өкілдері жеке өмірлерінен сыр шертті, деп хабарлайды Shownews.kz.

Күрт қызымен көңіл жарастырған Кентал осыдан біраз уақыт бұрын сүйіктісіне ұсыныс жасады.  Десе де өзі өзге ұлттың өкіліне сезімін білдірген сүрбойдақ, қарақөз қарындастарының аралас неке құруына түбегейлі қарсы.

“Біздің қыздарымыз басқа ұлтқа тұрмысқа шығу ол дұрыс емес. Бірақ біздің ұлдарымыз өзге ұлттың қыздарын алған дұрыс. «Еліңді бұзғың келсе, қыздарын бұз» дейді. Сондықтан ешкімді ренжітпей ешкімге топырақ шашпай қалай айтсам екен…Әрине, ол шынайы сезім болса, діні бір болса ондайға мен қарсы емеспін. Қай ұлт болса да адамның баласы ғой. Ертең ана дүниеде, Алла тағала: «Сенің ұлтың кім?» -деп сұрамайды. Теріміздің ғана айырмашылығы бар. Бірақ терінің астында бәріміз бірдейміз. Сондықтан енді ондайға қарсы емеспін. Себебі жақсы ғой ол қан араластыру. Ертең балаларың милары жақсы істейді, түрі де әдемі болады, ерекше болады. Бірақ кішкене бір жаман жері бар: ол қазағынан айырылып кетуі мүмкін. Ертең ұрпағың шоқынды болып қалады, өз дәстүрін, өз тілін сыйламайтын сондай болып кетуі мүмкін”, – дейді Кентал.

Басқа ұлттан теңін кезіктірген сері тек Кентал ғана емес. Өзге жұртқа күйеу бала атанған әншілер тізімінде Бүркіт те бар. Айбектің ата-анасы бастапқыда ұлдарының таңдауын қолдамаған көрінеді. Алайда, Аишаның ғашығы айтқанынан қайтпаған.

“Әрине әкем қарсы болды басында. Әбден ұрысты: «Неге сен осылай жасайсың?», «неге сен келіспейсің бізбен» , «неге сен бүйтесің, неге сен сөйтесің?».   Мен шынымды айттым: «Папа, менің жасым 34-ке келді. Мен қазір сіздермен келісіп отыратын болсам мен шал боламын» – дедім. Сондықтан мен қазір сүйген адамға үйленемін”, – дейді әнші Бүркіт. Сөйтіп осындай өзімнің кішкене мінезімді білдірдім де, содан кейін анам қолдап: «Жарайды, енді қызыңды көрсет», – деді. Сөйтіп бір көргеннен анама ұнап қалғаннан кейін барлығы келісті ғой.

Иә, әулетін басқа жұртпен құдаластырған жұлдыздар қатарында Жолбарыс Сейфуллин де бар. Сазгердің алғашқы некесі сәтсіз аяқталғанымен, екінші мәрте орыс қызымен отау құрады. Танымал әншінің таңдауына ешкім қарсылық танытпапты.

“ Енді менің келіншегім қазақша сөйлейді ғой  Ол мынау Баханас жақтағы Көктау деген ауылдың қызы. Сондықтан бізде оның орыс екенін ешкімде байқаған жоқ. Былайша қарасаң орыс ұлтының қызы болғанымен ауылда өскен, қазақ мектебін бітірген, қазақ институтын бітірген, былайша қазақ тілінде оқыған қыз ғой. Сондықтан оған ешкім қарсы болған жоқ, себебі бәрімен қазақша араласады”, – дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Қазақ өнерінде өзге ұлттың қызын өмірлік серігі ретінде таңдаған серілердің саны мұнымен шектелмек емес. Бұл тізімді өткен айда ғана Марина есімді арумен шаңырақ көтерген Жандос Айбасов толықтырды. Сырт көздің сынына ілігетінін сезді ме, әйтеуір актер жігіт жеке өмірі жайлы жақ ашпауға бекінген сыңайлы.

 “Бір зат айтайыншы. Бұл мені өте жаңағы орысша айтқанда «свое личное». Жанұямды және әке-шешемді, жанымда жүрген жұбайымды осындай сұхбаттарға айтқым келмейді. Өйткені ол менің жеке жанұям, жеке өмірім. Сондықтан қашан той болады деген мұндай сұрақтарға жауап бергім келмейді”, – дейді актер Айбасов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары