$ 494.87  520.65  4.91

«Ұят емес»: әнші Жазира Байырбекова оқырмандарына қызық сұрақ қойды

Өнер иесі ұлының шаңырақ көтеріп, өзінің келінді болатындығынан дәмелі екендігін де жеткізіп қалды.
фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Ұлы Қазбектен кейін ұзақ жылдан бері армандап, қызды болған әнші Жазира Байырбекова тағы да жүкті болып, сәби дүние келетінін айтты. Ол желіде "Келініммен бір уақытта дүниеге сәби әкеле берсем ұят емес шығар, иә!?" көп оқырмандарына ойлануға тұрарлық сұрақ қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ұлының шаңырақ көтеріп, өзінің келінді болатындығынан дәмелі екендігін де жеткізіп қалды.

"Енді біздің шаңырақта сәби үзілмесін! Дара 2-3-ке келгенше сәби келу керек. "Мен тағы босанайын ба, әлде, сен үйленесің бе?" дедім Қазбекке. Ол жымиды да қойды. Келін келіп жатса, келініммен бір уақытта дүниеге сәби әкеле берсем ұят емес шығар, иә?!", - деп жазды әнші Instagram парақшасында

Әншінің әрбір жазбасын қалт жібермей оқып отыратын оқырмандары мен тыңдармандары болса, жарыса оның еш сөкеттігі жоқ екендігін айтып, оның сұрағын жауапсыз қалдырмады.

Мәселен желі белсенділері: "Алла берсе, әрине ұят емес", "Ұят емес. Бастысы - дені сау бала бұйыртсын Аллам!", "Ұят емес. Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар. Баланың үні шаңырағыңыздан үзілмесін!", "Ұлыңызға немесе қызыңызға серік керек. Алла берсе, туыңыз тағы бір сәби", - деп ақ тілектерін жаудырды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары