$ 444.22  476.38  4.82

Димаштың «We are one» бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды (ВИДЕО)

«Біз құдіретті музыка арқылы дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің, әскерилер мен еріктілердің ерік-жігеріне, қажыр-қайратына құрмет таныта аламыз».

Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған «We are one» («Біз біргеміз!») бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Хабар» агенттігі әншінің әлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасын әзірлеуге қатысты. Бейнебаянда індет орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы майданда күнделікті арпалысып жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.

«Қазір күллі әлем коронавирусқа қарсы жаһандық күресте күш біріктірді. Бірақ, індеттің пәрмені қатты. Ешбір елді аяп жатқан жоқ. Індетпен күресте алдыңғы шепте медицина мамандары жанкешті еңбек етуде. Осынау қысылтаяң кезде оларға қолдау көрсету – баршамыздың ортақ мақсатымыз.

Біз құдіретті музыка арқылы дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің, әскерилер мен еріктілердің ерік-жігеріне, қажыр-қайратына құрмет таныта аламыз», - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: «Жанарға арнап шығардым»: Сиви Махмуди күйзеліс туралы әннің бейнебаянын жарыққа шығарды

Туынды авторлары – қытайлық шығармашылық топ. Жаңа ән Димаштың төрткүл дүниедегі тыңдармандарына тамаша тарту болғаны сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары