Отандық танымал әнші Дастан Оразбеков бұрынғы ғашығы туралы естеліктермен бөлісті. "Орда" тобының мүшесі кезінде сол ару үшін арнайы Тараз қаласына барып тұрғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ, "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Дастан Оразбековтың ата-анасы оны бала кезінде сол қызбен тіпті атастырып қойған болып шықты.
"Қазір де бар шығар деп ойлаймын. Достар өзара өздерінің балаларын құда түсіріп қояды. Тараз қаласында мені әкемнің жақын жолдасы Болат пен Ағайша әпкеміздің қыздарына атастырған болатын. Бірақ, басынан бастап, "жастар қосыла ма, қосылмай ма өздері шешеді" делінген болатын. Сондықтан, кезінде Тараз қаласына сол үшін барып тұратынмын" , - деді әнші.