$ 494.87  520.65  4.91

«Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі өмірден өтті (ФОТО)

Ансамблдің көркемдік жетекшісі - Мұрат Құсайынов.

"Той жыры" секілді әндерімен елге танылған "Дос-Мұқасан" тобының мүшесі Хамит Санбаев қайтыс болды.  Бұл жайлы шығармашылық ұжымның Instagram парақшасында ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 "Хамит Санбаев есімді азамат қайтыс болды. Ол ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, өте ақкөңіл азамат еді. Орны толмас өлім.  Мұндай кеңпейілді жандар туралы "Сенімен бірге қанша дәуреніміз өтті!. Артыңдағы бізге өзің жайлы қанша естелік қалдырдың!?" деп айтады. Хамитті мәңгі жадымызда сақтаймыз және ол үшін дұға тілейміз! Иманды болсын", - делінген әйгілі топтың желідегі ресми парақшасында 

Естеріңізге сала кетейік, Дос-Мұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі. Ансамблдің көркемдік жетекшісі - Мұрат Құсайынов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарған.  1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары