$ 494.87  520.65  4.91

«Шайтан деп есептеймін»: Серікбол Сайлаубек «досының» құрған тұзағына түсіп қалғанын айтты

Серікбол ол жігіттің бүгінде полицияның қолына түсіп, жазасын алғанын айтты.

Серікбол Сайлаубек көп жағдайға кешіріммен қарайтынын айтады. Өзін алдаған, зиян келтірген не жаманданған жандар үшін құдайдан мейірім тілеймін дейді. Алайда жанында жүрген досының өзін сатып кеткенін еш кешіре алар емес.

Бұл туралы әнші "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтты. 

Серікбол Сайлаубек болмысынан қарапайым жан. Сенгіш. Сенгіштігі өзіне үнемі кесірін тигізіп жатады. Адамның бәрін өзіндей көреді. Сол қасиеті өзіне таяқ болып тиетін кезі аз емес. Әнші өзін сатып кеткен досы туралы айтты.

"Мен бір жігітпен таныстым. Сөзі де, өзі де дұрыс еді. Не деген жақсы жігіт деп жүрдім. Одан ешнәрсе жасырмадым. Менің қасымда жүрген бала еді. Менің қайда екенімді, не істеп жүргенімді, жоспарларым туралы білетін еді. Сөйтсем ол адам емес нағыз шайтанның өзі екен. Қазақстанды аралап, тегін концерт беріп жүрген кезім еді. Ол жігіт менің үйде емес екенімді, концерт кезінде телефоным өшірулі тұратынын біліп үйіме барыпты. Анама менің жаман оқиғаға түсіп қалғанымды айтыпты. Анамның сеніміне кіріп, ақша сұраған. Ұлыңыз қиын жағдайда, оған ақша керек деп шу шығарған. Анамды алдаған адамды шайтан деп есептеймін. Мені ғана емес, бәрін алдаған. Әлдекімдерден естуім бойынша, ол 18 жастағы жас қызға үйленем деп, әкесінің ақшасын жымқырып, қашып кеткен. Соның кесірінен жас қыз өзіне қол жұмсап, асылып қалған екен. Одан басқа да алаяқтығы бар", - деді әнші. 

Серікбол ол жігіттің бүгінде полицияның қолына түсіп, жазасын алғанын айтты. Алайда өзінің құрығына түскенде оңай құтылмас еді дегенді айтты. 

"Ол жігіт сотталып кетті. Менің ақшамды, басқалардың ақшасын қайтарған жоқ. Сотталып кетті. Бірақ полицияның қолына түсіп, сотталғаны дұрыс болды. Егер менің қолыма түссе, одан да қиын болар еді. Мен оның басын кесер едім. Себебі ол кезде мүлде ашулы едім. Қазір де ол жігіт бақылауда. Соны біліп жүрсін", - деді әнші. 

Әншінің өзін сатқан досына өкпесі қара қазандай.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары