$ 444.32  473.33  4.76

Ернар Айдардың лотереяға тіккен көліктерді уақытша жалға алғаны анықталды (ВИДЕО)

Шын мәнінде, ұтысқа тігілген сыйлықтар лотерея ұйымдастырушылардың иелігінде болмаған.

Карантин талабын бұзғаны үшін ұсталған әнші Ернар Айдардың ұтыс ойынына қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіде ұтыс ойнатқандар ұтысқа тігілген көліктерді жеке тұлғадан уақытша жалға алған.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп жатқан кезде ұсталған болатын. Ұтыс ойынын өткізген топ 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында әлеуметтік желілерде (лотереялар) төрт автомобиль (екі седан және екі джип), Алматыдағы бір бөлмелі пәтер және тұрмыстық техника және т.б. бағалы сыйлықтар үшін ойын өткізген.

Шын мәнінде, ұтысқа тігілген сыйлықтар лотерея ұйымдастырушылардың иелігінде болмаған. Ойынға қатысушыларды иландыру үшін  4 автомобильді жеке тұлғалардан уақытша жалға алғаны анықталған.

  Тағы да оқи отырыңыз: «Халықтың тойынан алғаны аз болды ма екен?»: блогер Ернар Айдардың ұтыс ойнатып, ұсталып қалғанын хабарлады

«Барлығы көрініп тұр ғой»: карантин режимін бұзған әнші кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Телефоны бұғаттаулы»: Мейрамбек Беспаев ұтыс ойынын өткізбек болған Ернар Айдарды жақтады
 

Айта кетейік, халық сатып алған 20 мыңнан астам лотерея билеттерінің біреуі 9900 теңгеден сатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары