$ 494.87  520.65  4.91

«Бұрын шоқынғанмын»: Бүркіттің әйелі өзі жайлы сыр шертті

Желі қолданушыларының кейбірі үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды.
фото: vkmusic.kz/music
фото: vkmusic.kz/music

Бүркіт пен Аиша карантин уақытында онлайн-сұхбат берді. Сұхбат барысында Аиша ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты. Аиша әңгіме барысында бұрын шоқынғанын айтып қалды. Аиша атының мұсылмандарға тән есім екенін айтты.

"Менің анам орыс. Мен өзім де бұрын шоқынғанмын. Есімім - Виктория. Тұрмысқа шығар алдында ислам дінін қабылдадым. Сол кезде мұсылманша Аиша есімін алдым", - деді Аиша. 

Бүркіт Аишаның есімі лақап аты емес, өз аты екенін, мұсылмандық есімі екенін тағы да еске салды.

"Көпшілік ойлап жатады Аишаның бұл есімі лақап аты деп. Бұл мешіттен алға аты. Некемізді қиғанда Аиша мұсылман дінін қабылдады. Сосын Аиша атанды", - деді Бүркіт. 

Айтуынша, ислам дінін қабылдамай тұрғанда да ол, сахнаға Бүркітпен бірге Аиша есімімен шыққан. 

"Маған Аиша деген есім қатты ұнайтын. Кейін мешітте мұсылман дінін қабылдағанда осы есімнің ұнайтынын айттым", - деді ол.

Желі қолданушыларының кейбірі үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды. Себебі Аишаның бұрын шоқынғанын, анасы орыс екенін, есімі Виктория болғанын білмейтін жандар баршылық. 

Тағы да оқи отырыңыз: «Адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі!»: әнші Бүркіт президентке ВИДЕОүндеу жолдады

"Өзге дін адамының мұсылман болуына себепш болғаны үшін Бүркіт үлкен сауап алады Алла қаласа", "Ол үлкен сауап", "Сіздерге тек бақыт тілеймін, өте жарасымды жұпсыздар", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары