$ 447.4  477.55  4.76

«Адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі!»: әнші Бүркіт президентке ВИДЕОүндеу жолдады

«Таксистер, тазалықшылар, даяшылар, базарда жұмыс істеп келгендер күнделікті ас-суын таба алмай қалды. Бұған бей-жай қарауға болмайды», - дейді ол.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Көпшілікке Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Instagram парақшасына жүктеген ол үндеуінде әнші халыққа қайырымдылық шарасын жасау барысында «көзбен көріп, көңілге түйген» қиын жағдайды баяндаған. Сол үшін мемлекет басшысынан карантин режимін жеңілдетіп, азаматтардың қоғамдық жұмысқа шығуына рұқсат беруін сұрап отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге қазақстандықтардың атынан өтініш айтқым келеді. Елімізде карантин жарияланған бір айдан астам уақыт ішінде медициналық қызметкерлер адам бойында вирус бар-жоғын анықтап үлгерді деп ойлаймыз. Біз әр аймаққа барып, тамақ таратамыз. Өкінішке қарай, бәріне бірдей көмектесе алмаймыз. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларды көреміз.

Таксистер, тазалықшылар, даяшылар, базарда жұмыс істеп келгендер күнделікті ас-суын таба алмай қалды. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Сол себепті, карантин режимін жеңілдетіп, бірқатар компаниялар мен мекемелерге санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беруді сұраймын.

Бұл азаматтардың жағдайын жеңілдетеді. Олай болмаған жағдайда, адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі! Бұл бейбіт заманда тіпті қиын болмақ. Осыны назарға алуыңызды сұраймын. Сізге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Рахмет!», – деді әнші видеоүндеуінде.

Тағы оқи отырыңыз: Карантиндегі ішіп-жем: елорданың сақтандыру қорында тек ұн мен қант қана қалған

Желі қолданушылар да оның датын қолдаған пікірлер білдіріп жатыр. Бәрі осы айтылған сөздің жоғары жаққа жетуін тілеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары