$ 494.87  520.65  4.91

«Арам дүние» деп айтылмас үшін ішіне «қайырымдылық» деп қосып қоясыздар»: Ердос Қанаев лотерея ойнатқыштарға наразы

Әлбетте, шайтан ішімдік немесе мас қылатын, және де құмар ойындары арқылы сендердің араларыңа, жеккөрушілік орнатып, Алланы зікір етуден, намаз оқудан алыстатады деген.
фото: syr-media.kz
фото: syr-media.kz

"Жігіттер" квартетінің әнші Ердос Қанаев лоторея ойнау немесе ойнату харам екендігі жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол "Алланың харам еткен дүниесін халалға шығарып әуре болмай-ақ қойыңыздаршы!" деп конкурс, лотерея ойнатқыштарға өтініш жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің пайымдауынша, қазіргі кезде өнер иелері арасында халықтың ақшасына ұтыс ойнату сәнге айналған екен.

"Құрметті әншілер, ақындар, вайнерлер, лотерея ойнатып келген, әлі күнге ойнатып жүрген, болашақта ойнатайын деп ниет етіп жүрген әпке-бауыр, әріптестер!Мынау жарқ-жұрқ еткен қызылды-жасылды жалған дүниеге әркім әр түрлі қарайды. Біреу қамшының сабындай қысқа десе, біреу өлместей көреді. Біреу адамгершіліктің арынан аттамай жүрсе, "біреу "менде бола берсе, бола берсе" деп өмір сүреді.

Қарынның қамын ойлап қанағатсыздық ете берсең Қарынбайдың (Харун бай) кебінін кигізе салу Аллаға түкте емес. Бірақ әр адамның мақсаты - адам болып өмірге келдіме, адам болып өту болу керек. Басқа жаратылыстардан айырмашылығымыз осында. Әйтпес,е мал екеш мал да тойғанда күйсегенін тоқтатады.Мен мұны не үшін айтып отырмын? Әңгіменің тұздығы - лотерея!

 Осы күнге дейін байқап келемін, қос-қостап машина, ана жақтан үй, мына қаладан пәтер ойнатып, Ислам дінінде харам дүниелерді адалға шығарып, ертең нан алайын деп отырған соңғы ақшасын мүмкін ұтып қалармын деп тігіп жіберіп, қарыздан қарызға батып, шыбын жанын шүберекке түйіп отырған халықтың ақшасына ұтыс ойнату модаға айналып бара жатыр. Рас, ұтыстан көз аша алмай қалдық"

"Бәрінде тегін жатқан батпан құйрық. Арам дүние деп айтылмас үшін ішіне қайырымдылық деп қосып қоясыздар. Ол қанша қайырымдылық болса да - адал емес.Шариғатта құмар ойын деген бар. Бұл - лотерея сол құмар ойындарға жатады. Ал оны Алла харамға шығарған. Айналайындар-ау, Алланың харам еткен дүниесін халалға шығарып әуре болмай-ақ қойыңыздаршы!

 Әлбетте, шайтан ішімдік немесе мас қылатын, және де құмар ойындары арқылы сендердің араларыңа, жеккөрушілік орнатып, Алланы зікір етуден, намаз оқудан алыстатады деген. Мұның бәрі Исламда харамның үкімін алады. Кімде-кім осымен шұғылданса, хараммен шұғылданған болып есептеледі, және үлкен күнаға батады! 

Тағы оқи отырыңыз: «Әлі де кеш емес! Қойсаңдаршы!»: Арман Сқабылұлы «қылмысы» әшкереленген әншілерге тоқтам айтты

«Ұтқан адамды өзің таңдайтындай етіп жасауға да болады»: Instagram-да Гив ұйымдастыратын маман бар шындықты жайып салды

«Түк те арланбаймын»: Ердос Қанаев шөп орып, тезек терген күндерін есіне алды

Кез келген ойын, оның ішінде ұтылу немесе ұтуға байланысты болса құмарға жатады. Яғни, құмар ойын ақшаға болсын, дүниеге болсын немесе басқа бір затқа болсын, екі адам немесе одан көп адам оған қатысса, ұтқан адам ұтылғанның арқасында жеңіске жететін болса, осының бәрі құмар болып есептеледі", - деп көпшілікті сахнадағы әрістестерін құмар ойыннан аулақ болуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ердос Қанаев