06.05.2020, 17:20

Голливуд актері мен Илон Маск ғарышта фильм түсіреді

Deadline мәліметінше, бұл жоба NASA-мен талқыланып жатыр.

Голливуд актері Том Круз бен Space X-тің негізін қалаушы Илон Маск ғарышта толықметраж фильм түсірмек, деп жазады Nege.kz.

Deadline мәліметінше, бұл жоба NASA-мен талқыланып жатыр. 57 жастағы актер мен 48 жастағы кәсіпкер дәл қазір NASA-мен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

NASA басшысы Джим Брайденстайн Twitter желісіндегі парақшасында ғарышта фильм түсірелетінін растады.