$ 494.87  520.65  4.91

«Далаға лақтырмайсың ғой»: Мейрамбек Бесбаев қазақ тілін білмейтіндерге жаны ашитынын жасырмады

Бізде қазір қалай? Алматының көптеген ресторанында тек ғана шетелдік әндер орындалып тұрады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың Қазақстандағы мейрамханаларда қазақ тіліндегі емес, өзге тілдегі әндердің қосылып, шырқалатынына қарны ашады. Бұл жайлы ойын ол, "Шынайы Ақберенмен" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 "Қазақстанның барлық қалаларындағы ресторан-барларда 50 пайыз қазақ тілінде, өзіміздің тілде әндер айтылуы керек. Бізде қазір қалай? Алматының көптеген ресторанында тек ғана шетелдік әндер орындалып тұрады, өкінішке орай. Бұл - заңмен реттелмегеннен кейін. Мынау тұрған көршілес мемлекеттердің радиоларын тыңдасам, сүйсінем, тіпті, Моңғолияда екі жарым миллион моңғол. Бүкіл телевизиясын қарасаң, 99 пайыз өз тілінде сайрап тұр. Заңға осыны енгізсек егерде, әншілер де басқаша жұмыс істер еді. Әнге, сөзге, сапаға  қарайтын еді", - деп мейрамханалар мен кафелерде шет тіліндегі әндердің шырқалып тұратынына налитынын жасырмады.

Халықтың жүрегінен жол таба білген әнші мұнан бөлек, ана тілін білмейтін отандастарына жаны ашитынын жеткізді.

"Әрине, ашынасың. Бірақ, "қолдан келетін шара не?" деп отыра беруге де болмайды. Өте қиналамын, сол жігіттерге жаным ашиды. Тіл білмей тұрып, екі сөздің басын қоса алмай, ең болмаса, жазып бергенді оқи алмай тұратын бауырларым үшін қатты қиналамын.  Не істейсің, әйтеуір, айналып келгенде ол да өзіңнің бір қазағың ғой. Жаның ашиды, ашуланасың. "Жоқ, сен тіл білмейсің" деп оны далаға лақтырмайсың ғой.  "Өз қазағыма жұмыс істейін, талпынайын десем, бұл қазағым өзегімнен тепті" дейді ғой ертең. Кім біледі? Ол да бір ақылды жігіт шығар, тек тәрбиесі сондай болған шығар!? Бірақ, біз бұған шыдап келдік. Кейде қатал да шешімдер керек сияқты" , - деп бұл тұрғыда шарасыздығын жайып салды. 

Айтпақшы, халықтың сүйіктісі карантин уақытын тиімді пайдаланып, деректі фильмдер көріп, рухани даму жолында кітаптар оқып жатыр екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары