18.05.2020, 00:35

«Барлығымызға батасын беріп отыратын»: Қарақат Әбілдинаның анасы қайтыс болды

фото: stan.kz
«Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын...» деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Бүгін әнші Мәдина Сәдуақасова Instagram парақшасына өзінің жан құрбысы Қарақат Әбілдинаның анасы қайтыс болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл-кеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын...» деп жазды Мәдина Сәдуақасова.

Оның астына әнші Мейрамбек Бесбаев та «Жаны жәннатта болсын. Иманды болсын» деген жазба қалдырды. Сондай-ақ, Қарақат Әбілдинаның көңіл айтып жатқан өнердегі өзге достары мен желі қолданушылардың қатары толассыз.