Халықтың жүрегіне жол тапқан белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев тағы бір өнерімен танылды. Ол өз қолымен салған суреттерін желіге жариялап, оқырмандарының қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бүгін Мәкең суретші" деп жазып, шығармашылық еңбегінің нәтижесінде ақ парақ бетіне түскен суреттерін көпшіліктің алдында паш еткен әншінің өнерін желідегілер жоғары бағалады.
Мәселен, әлеуметтік желі қолданушылары: "Домбыра шертіп жіберсеңізші! Кешке қарай, бір серпіліп қалатын", "Бүгін түнде қызыммен (БЖБ-дан сұрақ картина туралы) Италиядағы қайта өрлеу дәуірі, суретшілер туралы оқып едік. До Винчи, Рафаель Санти", "Керемет", "Шынымен жақсы салады екен", "Суретші екенсіз ғой, аға!", "Суретіңіз керемет!", "Құрдас, жанып тұрған суретші екенсіз ғой", "Музейге қашан қойылады?", "Тамаша", - десті.