$ 443.35  475.54  4.82

«Бәрі аман-есен өтсін дейміз!»: әнші Серікбол Сайлаубек ауруханаға түсіп қалды

Желідегі көпшілік дұға жасап, сәттілік тіледі.

Әнші Серікбол Сайлаубек ота үстінде. Әнші көзіне төртінші рет ота жасап жатыр, деп жазады Stan.kz.

"Ораза Айт қабыл болсын! Ертең, бұйырса, Серікбол мырзаның көзіне төртінші ота жасалады екен. Дұғада болайық! Бәрі аман-есен өтсін дейміз!", - деп жазды бір күр бұрын тележүргізуші Анна Данченко. 

Ол әншімен бірге түскен суретті парақшасында жариялады. Тележүргізуші ауруханада жатқан әншінің хәлін біліп қайтты.

"Бүгін көңіл күйімді көтеріп, біраз шер тарқатып, рухымды көтеріп кеткен жақындарым. Ораза айттарыңыз қабыл болып, дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Ауырмаңыздар!", - деп жазды Серікбол Сайлаубек. 

Желідегі көпшілік дұға жасап, сәттілік тіледі.

"Алла жар болсын саған бауырым!", "Алла шипасын берсін! Қасиетті Рамазан айында тілеген дұға,тілегіңіз қабыл болып жазылып кетіңіз", "Сәттілік тілеймін, отаңыз Алланың қалауымен сәтті өтсін", "Бір Алла ем шипасын берсін", "Екі көзің де жақсы көріп кетуіне тілектеспін", - деп жазды желідегі қолдаушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары