$ 498.34  519.72  4.85

«Бүжәй»: Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен екінші рет коронавирусты анықтайтын тест тапсырды (ФОТО)

Күніне 2 рет еден жуу мен пылесосты айтпағанда. Карантин кезінде ауа тазалауды да үйрендік. Ол да бір жатқан ғылым екен.

Қазақстандық белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы екінші рет коронавирусты анықтайтын тест тапсырғанын мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші ПЦР-тесін тапсыруға ұлдарында алып барған көрінеді. Ол Instagram-парақшасындағы жазбасында коронавирусқа қарсы тест тапсырудың екі себебін атады. Және карантин кезінде күніне бірнеше рет үй жинауды әдетке айналдырғанын жасырмады.

"Бүгін екінші рет ПЦР тест тапсырдық. Оған 2 себеп болды. Біріншісі, "Қазмедиада" ауырғандар бар дегені. Екіншісі, әкеміз медицина саласында қызмет еткендіктен болар, мұндайға келгенде қатал, тазалыққа келгенде тіпті «бүжәй». Алғаш келін боп түскенім есіме түсіп отыр. Аптасына 2 рет үй жинап үйренген мен көзге көрініп, шаң болмаса үй таза ғой деп ойлайтынмын. Содан бір күні шаңның кесірінен «аллергия» басталды. Бірден тазалыққа қатты мән беретін әулет екенін түсіндірді. Содан бері міне, 15 жылдың ішінде люстра/кондиционер/батарейканың ішіндегі шаңға дейін күнде сүртілетін болды. Күніне 2 рет еден жуу мен пылесосты айтпағанда. Карантин кезінде ауа тазалауды да үйрендік. Ол да бір жатқан ғылым екен. Кварцтан бөлек, бөлменің ылғал % көрсеткіші дегенге дейін білдік. Өзің білген/ үйренген жақсы ғой, әйел болған соң аса қиын да емес. Дегенмен, тазалыққа балаларды үйрету екі есе қиын. Ұлдар емес пе, терлейді, басын жуған шампуньмен өтірік денесін жуа салып, қолын суға тигізе салады дегендей. Қазір иіскейтінді шығардым. Тақырыптан ауытқып кетіппін ғой. Тест тапсырдық. Аллаға шүкір. Бәрі жақсы шықты", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары