$ 498.34  519.72  4.85

«70 жастағы әжем де қолдайды»: Шырын Нарчаева жартылай жалаңаштанып, бауырсақ пісіріп жүр (ВИДЕО)

Жалаңаш денесіне ұн жағып, бауырсақ пісірген Шырын Нарчаева тағы да ел ашуын туғызды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шырын Нарчаева жартылай жалаңаш күйде бауырсақ пісіріп, тағы да қазнет қолданушыларының қытығына тиді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ntk.kz-ке сілтеме жасап. 

Тіпті, ашуға булыққандар арасында Тоқтар Серіков те бар. «Ұлттық тағамымызды қорлады» деген әнші, хайпқұмар қарындасына қатысты қандай шара қолданбақ?

Жалаңаш денесіне ұн жағып, бауырсақ пісірген Шырын Нарчаева тағы да ел ашуын туғызды. «Ұлттық киімді қорлағаны аздай, ас атасына көшкені жарамады», - деген Тоқтар Серіков сылқымның бұл қылығын шектен шыққандық деп сөкті.

Тоқтар Серіков, әнші:

Ата-анасы бар шығар, әке-шешесі бар шығар, туған ағасы бар шығар, солардан ұялмай солай істесе, оған халық түк емес деп ойлаймын. Халыққа оның түкіргені бар ма? Мен ол қызға қарғамаймын, ол қызға солай сүйтем -бүйтем көрген жерде бір күні мен ол қызды дұрыстап орнына қоям деген әңгіме айта алмаймын. Ондай менің де қарындасым бар.

Танымал әнші тіпті, «бикешке бұл видеоларды тапсырыспен таспалатып жатқан адамның болуы әбден мүмкін»,- деп топшылайды.

Тоқтар Серіков, әнші:

- Ол құндылықтың құнын түсініп тұрған жоқ біріншіден. Оны жасап жатқан өзі ма әлде істетіп жатқан адам бар ма деп те ойлайсың осындай кезде кейде. Иманы оянып, сол қателігі үшін елден сұрайтын, кешірім сұрайтын күн туса екен деп ойлаймын.

Шырын қателігін түсінсе екен дегендер қатарында әнші Нұргүл Нұғманова да бар. «Заманауи көзқараста болсам да, мұндай хайпты қабылдай алмаймын», - дейді ол.

Нұргүл Нұғманова, әнші:

- Еуропалық әртістердің көкөністермен түсірілген видеоларын көріп алған болар. Өз басым оған қарсымын. Бауырсақ деген енді үлкен үлкен тойларда жасайтын нәрсе, нан ғой енді, ұлттық тағам. Нанның киесі бар деген қазақ. Ал танылу үшін, өзіне назар аударып, хайп жолында нанмен ойнау өрескелділік деп ойлаймын.

Ал Нарчаеваның өзі болса, бұл бейнежазбадан ұятты қылық көрмейтінін айтады. Сылқым тіпті жұрттың жағымсыз пікірін пысқыруға құлықсыз.

«Бастысы ата-анам, жақындарым мені қолдайды», - дейді ол.

Шырын Нарчаева, блогер:

- Ұят ештеңесі де жоқ. Өйткені мен төсімді жалаңаштап тұрған жоқпын. Бұл өнер. 15 жасар қыздың жүкті болып, артынан баласын тастап кетуі ұят мен үшін. Мені анам да, тіпті 70 жастағы әжем де қолдайды. Барынша түсініп қорғайды. Олар өз өмірің, не істесең де өзің біл дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары