Танымал әнші Димаш Құдайберген елді дүрліктірген афроамерикалықтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол ұлтаралық қақтығысқа қатысты ойын Instagram-парақшасына жариялаған.
"Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ", - деп жазды Димаш.
Тағы оқи отырыңыз:
АҚШ-та қанды қақтығыстың өтіп жатқанына бүгін тура бір апта болды (ВИДЕО)
АҚШ-та ереуілшілер атқан оқтан 4 полиция жараланып қалды
Еске салайық, Флойдты полицейлер 25 мамырда ұстаған болатын. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды. Жаппай тәртіпсіздік әлі күнге дейін жалғасып жатыр.