$ 494.87  520.65  4.91

«Қарыз болған соң үйлендім» деп айтып жүремін» - Қанат Әлжаппаров

Жаңа танысқанда менің түріме, жағдайыма ешнәрсеме қарамастан маған қарағанына риза боламын.
Фото: newsroom.kz
Фото: newsroom.kz

Қанат Әлжаппаровтың өз тыңдарманы, әзілін сүйетін көрермені бар. Әзілкеш әйелін де қалжыңына қосып жүретінін көпшілік біледі. Қанат әйелі туралы неліктен көп әзілдейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы newsroom.kz-ке сілтеме жасап,

«Әйелімнің есімі Нұргүл. Ол Қызылордаға жақын Абай ауылының тумасы. Кафеде бармен болып істеп жүрді. Мен де Қызылордада жүрген кезім. Кафеге жеке куәлігімді беріп, қарызға кіріп кеткен едім. Мұны әзілімнің бірінде айтамын. Сол рас болған жағдай. Нұргүлге қарыз болған соң үйлендім деп өзіне де айтып жүрем», – деп күледі ол.

Әзілкеш әйелі туралы әзілдерді алдымен жарына ескертіп алатынын айтады. Оған ешкім ренжіп жатпайды дейді.

«Қазір 4 баламыз бар. Екі ұл, екі қыз. Жаңа танысқанда менің түріме, жағдайыма ешнәрсеме қарамастан маған қарағанына риза боламын. Қайын жұртым да мені күйеу бала деп ешнәрсеге жұмсамайды. Қонақ секілді күтеді. Мен өз үйімде ешнәрсе істемейтін адаммын.

Туған жерімнен әзірге кете алмай жүрміз. Нұр-Сұлтан маған ұнамады. Ауа райы да ұнамады. Кейін бара жатармыз. Әйелім екеуміз 6 ай барып тұрып көрдік. Кейін қайта ауылымызға қайттық. Әзірге театр атынан жолымды, жатар жерімді, киімімді алып беріп жатыр. Қызылордада тұра бермеймін бе?», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әзіл #үйлену