$ 447.4  477.55  4.76

«Өнегелі еркек пен қыз» - жиіркенішті ролик»: актриса Аружан Жазылбекова ақыл айтқыш еркектерді ауруға теңеді

Қысқа белдемше саған кедергі келтіре ме? Кальяныңды шегіп бол да, психотерапевтке бар!
фото: 365info.kz
фото: 365info.kz

«Өнегелі таксист» немесе «Жезөкше» деп аталатын әлеуметтік роликтен кейін отандық жұлдыз ханымдар мен көптеген қыз-келіншектердің парақшалары қысқа белдемшелер мен шолақ дамбалдардың суреттеріне толып кетті. Яғни қарсылық акциясы ретінде өз фотоларын желіге жүктеушілердің саны көбейіп барады. Жұрттан қалмайын деген болса керек, танымал актриса Аружан Жазылбекова да әлемжелі арқылы өз ойын білдіріпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 365info.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жазба авторы сонымен бірге жағажайда түскен фотоларын да жүктеуді ұмытпаған. Айтуынша, қызды машинаға қамап, оған тәрбие беру  — заңға қайшы әрекет.

«Өнегелі еркек пен қыз туралы» жиіркенішті ролик туралы айтайын. Менің ойымша, бұндай адамдарға әр адамның өмірі мен ар намысына қол сұғуға болмайтынын түсіндіру мүмкін емес.
Бірақ басқаны жеткізу  керек.
ЗАҢ бар.
Қызды машинаға қамап, оған тәрбие беру  — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ
Бұл адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру. Бұл үшін адамдар түрмеге отырады.

Жезөкше деп айту  — ЗАҢҒА ҚАЙШЫ. Бұл моральдық зиян келтіру, бұл үшін айыппұл төлеу керек.

Еркектер, сіздерге дәстүрлер мен бұрынғы өмір салты ұнай ма? Жарайды. Онда уақыт машинасын ойлап табыңыздар

Біз барлығымыз сол уақытқа қайтып оралайық. Ал әлем алға жылжып, ғарышты бағындырсын. Әйелдерге сонша шүйілгенше, өзімізге үңілейік. Сен Илон Масксің бе және ракетаны ұшырдың ба? Жоқ па? Онда бар да жұмыс істе!

Қысқа белдемше саған кедергі келтіре ме? Кальяныңды шегіп бол да, психотерапевтке бар!
Әйелдерді жайына қалдырып, жұмыс істеңдер.

Қыздар, ешкім сіздерге қандай киім киіп, қалай жүріп-тұру керегін айта алмайды», - деп айрықша пікір білдірген Аружан ханым.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары