Мәдениет & Шоубиз 11.06.2020 сағат 00:31

Танымал екі актер тікелей эфирде жанжалдасып қалды (ВИДЕО)

Қоянбаев арнайы сауалнама жүргізіп, халықтың пікірін білгісі келді.
Танымал екі актер тікелей эфирде жанжалдасып қалды (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайрат Әділгерей мен Жахан Отарғалиев "Бизнес по-казахски в Турции" фильміндегі рөл үшін таласып жүр. Нұрлан Қоянбаев жаңа киносына екі актердің тек біреуі ғана түсетінін хабарлап, желі қолданушыларына таңдау жасауға көмектесуін сұраған. Бастапқыда ағалы-бауыр болып сыйласатындарын айтқан өнер иелері бәсекелестік жолында бір-біріне қас болып кеткен көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ

Отарғалиев пен Әділгерей бірге тікелей эфир жасап, оның барысында өзара жанжалдасып қалған. Қос актер жанкүйерлерінің көзінше айқайласып, бір-бірі туралы не ойлайтынын жайып салған. Рөл үшін таласып, әлеуметтік желіде қырылып қалған өнер иелерінің видеосымен Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында бөліскен. 

Белгілі кинопродюсер алдағы уақытта Түркияда "Бизнес по-казахски" фильмінің жалғасын түсірмек ниетте. Сол себепті, ол қос актердің біреусін таңдай алмай қиналып, таңдауды желі оқырмандарына сеніп тапсырған.

 Қоянбаев арнайы сауалнама жүргізіп, халықтың пікірін білгісі келді. Алайда, КВН жұлдызы бұл бәсекелестік осылай ушығып кететінін күтпесе керек. Желідегілердің бір бөлігі Жахан Отарғалиев үшін дауыс берсе, қалғаны Қайрат Әділгерей рөлге лайықтырақ деп есептейді. Бұл бәсекелестіктің соңы немен аяқталатыны әзірге белгісіз. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар