$ 494.87  520.65  4.91

«Сенен басқа ешкімде бай жоқ сияқты»: Баян Алагөзова жолдасының қызғаныш сезімін оятқысы кеп әлек (ВИДЕО)

Турасын айтайын ба, әлде жалпылама пікірім маңызды ма?

Кезекті кинокартинада басты рөлді сомдайтын Баян Алагөзова жолдасынан кино-күйеуіне қатысты ойын сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсердің айтуы бойынша, ол тұрмыстағы келіншектің рөлін сомдайды. Кино-күйеуі ретінде Жан Байжанбаев таңдалған. Осы тұрғыда Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтен рөліне қатысты пікір білдіруді сұрады. Ол күйеуінің қызғанышы бар-жоғын тексергісі келгенге ұқсайды.

"-Жан Байжанбаев кинода мені жолдасым болады. Сенің осы тұрғыда көзқарасыңды білейін дегем.

- Турасын айтайын ба, әлде жалпылама пікірім маңызды ма? Шынына келсек, ол сенің талғамыңдағы азамат емес.

- Жаныыым, менің талғамымдағы ер адам - тек өзіңсің!

- Сол үшін де сенімді айтып отырмын ғой".

Баян Алагөзованың Instagram-парақшасына жүктелген видеодағы диалог осылай өрбиді.

Желі қолданушыларының көпшілігі оның жарына сүйіспіншілікпен қарап жатса, кейбірі "қызғанышы - көзінде" деп топшылап жатыр.

"Хейтерлар, мәңгі шалқып өмір сүретіңізге кім кепіл?!", "Сенен басқа ешкімде бай жоқ сияқты", "Іштей қызғанып отыр ғой, түрінен көрініп тұр", "Еркегі ез екен", "Бақытты болыңыздар" т.с.с,  - деп жазуда олар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары