$ 494.87  520.65  4.91

«Мақтанып не болды?»: Ерке Есмахан ерекше стилдегі аяқ киімдерін көрсетті (ВИДЕО)

Әншінің жариялаған видеосына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өз гардеробындағы ең қымбат аяқ киімдерін көрсетті. Өнер иесі бірінен бірі өтетін туфлилары мен дизайнерлік кроссовкаларын ел назарына паш етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан өзінің бағалы аяқ киімдерін киіп көрсеткен видеосымен Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан эстрада жұлдызының көбіне туфли мен кроссовкаларды таңдайтынын байқауға болады.

Әншінің жариялаған видеосына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі шоу-бизнес өкілінің талғамына жоғары бағасын беріп жатса, енді бірі оны асқан мақтаншақтық танытты деп сынға алды.

"Мың қырық бес аяқ киіміңіз бар екен" , "Талғамыңыз күшті. Бәрі ұнады" , "Туфли мен кроссовка басым екен" , "Түрлі-түрлі аяқ киім бар екен. Біреуін сыйлаңызшы" , "Бәрі дизайнерлік екен. Қымбат шығар" , "Мақтанып не болды?" , "Мақтаншақ екенсіз. Халық аш отырғанда бұлай жасамасаңыз болар еді" , "Қызық екен аяқ киіммен мақтанған" , - деп жазуда желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ерке Есмаxан