$ 444.22  476.38  4.82

«Үлесіміз бағаланып жатыр»: Қайрат Нұртас Елбасынан алғыс хат алғанын айтып мақтанды

Алғыс хатты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы табыстаған.
фото: әншінің инстаграм парақшасынан
фото: әншінің инстаграм парақшасынан

Қайрат Нұртас Елбасының алғыс хатымен марапатталды,  - деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған алғыс хат «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосқан үлесі үшін берілген екен. Қуанышты жаңалығын әнші өзінің Instagram  парақшасында бөліскен.  

«Әлемді шарпыған короновирус індетімен күресу мақсатында еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Біз біргеміз» жалпыұлттық акциясына қосқан үлесіміз бағаланып, Елбасы алғыс хатымен марапатталдым! Алғыс хатты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек ағамыз арнайы табыстады», - деп жазады Қайрат Нұртас. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары