$ 444.32  473.33  4.76

«Мінсіз келінсіз»: әнші ​Мақпал Исабекованы алып қашып кеткені рас па?

Исабекова шу тудырған суреттің астына да ешқандай мәлімет қалдырмауды жөн көрген.
фото: ашық дерек көзі
фото: ашық дерек көзі

Еліміздің танымал әншісі Мақпал Исабекова желіде басына ақ орамал тағып түскен фотосын жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Әдетте жұрт назарына ашық образдарымен шығатын жұлдыздың кенеттен жабық киіне бастағаны оларға қызық болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Oinet.kz-ке сілтеме жасап. 

Әнші орамалмен түскен суретін өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесінің келін образындағы фотосы бірден халықтың қызу талқысын тудырды. Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің тұрмысқа шыққанын жазуда. Кейбірі оны тіпті, оны алып қашып кетті деп жазып жатыр.

"Орамал жарасып-ақ тұр. Ана бақытын тілеймін" , " Мінсіз келінсіз", "Алып қашып кетті ме?" , "Тұрмысқа шығып жатырсыз ба?" , "Бақытты болыңыз, орамалыңыз өзіңізге керемет жарасып тұр" , "Келін болдың ба?" , Үстіңдегі бала емізетін киім, босанып қойдыңыз ба?" , "Күтпеген жағдай" , "Намаз оқып жүрсіз бЕ?" , "Ақ келін болуыңызбен, енді ана болыңыз" , - деп жарыса жазды көпшілік.  

Дегенмен, эстрада жұлдызының өзі тұрмысқа шыққаны жайлы ақпаратты әлі ресми түрде растаған да , теріске шығарған да жоқ. Оның үстіне, Исабекова шу тудырған суреттің астына да ешқандай мәлімет қалдырмауды жөн көрген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары