Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Ерке Есмаханның әкесі қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы newsroom-ға сілтеме жасап.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, әншінің әкесі екі жақты пневмониядан ауруханада көз жұмған.
Әншінің басына түскен ауыр қайғы туралы жаманат хабарды Ерке Есмаханның өнердегі әріптесі әрі жерлесі Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желі арқылы хабардар еткен.
«Әкейдің жаны жаннатта болсын! Иманы жолдас болсын!», - деп жазған әнші өз Instagram парақшасында.