Театр актері, үнемі шындық үшін шырылдап жүретін Алмат Сақатов Астана күнін дүркіретіп тойлауға ниеттілерді "жерден алып жерге салды", деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, мереке қарсаңында бәзбіреулер көше фестивалін ұйымдастырып жатыр екен. Қатты ашулы ол оған жоспарланған ақшаны жетпей жатқан дәрілерге жұмсауды ұсынды.
"Мен кеше телевизордан көрдім. Астана күніне арналған көше фестивалі болады, соған келіңдер дейді. Айналайын, өздерің айтасыңдар ғой, көшеге шықпаңдар, марлі беттеріңе тағыңдар, бір-біріңмен қатты араласпаңдар деп. Ойбай 30 адам жиналмаңдар, өлімге 30 адамнан артық бармаңдар деп. Енді өздерің 200-300 мың адамды астанаға жинап алайын деп отсыңдар ғой.
Фестиваль жасамасаңдар, өліп кетесіңдер ме не? Бастарың істей ме, әлде қандай адамсыңдар,мен түсінбеймін. Ақыл айтатын өзі біреу бар ма? Қаншама адам ауырып жатыр. Фестивальге жіберетін ақшаны дәріге жібермедіңдер ме?!
ЕСАЛАҢДАР!", - деп ашынды Сақатов.