Жартылай жалаңаш суреттерін желіге жүктеп аты шыққан модель Динагүл Тасова журналист Нұрсұлтан Құрманға үйленуге ұсыныс жасады. Тіпті "қалағаныңды жасаймын" деп жалынды. Оның бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізушіні оңаша кездесуге шақырған Тасова алдымен, оған жұмыс барысы туралы айтып, артынша "Жүріп жүрген қызың бар ма?" деп сұрады. Ал Нұрсұлтан Құрман болса, қызы бар екендігін жасырмады.
"Жақында 30-ға толамын. Күйеуге шығу керек болып жатыр. Сені қызықты, жақсы күйеу бола ма деп ойлап едім. Саған үйленуге ұсыныс жасасам үйленесің бе? Мен шынымен айтып отырмын", - деді ашық әңгімеге көшкен Динагүл Тасова.
Осы орайда, Нұрсұлтан мырза: "Бұл тақырып жабық. Сүйіктім бар. Кездесіп жүрген адамым бар. Менде бәрі дұрыс. Бәріне көңілім толады", - деп бірер минутқа сыртқа шығып кетті.
Жігіт қайтып келген соң, Динагүл: "Өзіңді алдында көрдім. Бір-екі рет ыңғай жасап сөйлегеннен кейін ойландым. Мен енді кішкентай бала емеспін ғой. Сосын басы бос болса, сөйлесіп көрейін деп ойланғанмын. Жақсы жігіт екеніңді көріп тұрмын ғой. Содан өзім ұсыныс жасасам қалай болады деп ойлағанмын. Бұл тақырыпта мүлдем сөйлескің келіп тұрған жоқ па? Негізі менде саған тосынсый бар. Мынау менің әкемдікі (жүзік секілді бір затты көрсетіп). Қолыңды берші! Мүмкін кездесіп көрерміз, саған ұнайтын шығармын. Не дейсің, бәрін істеймін. Өтінемін, өтінемін!", - деп қайта-қайта жалынды.
"Ол аздай ешқайда жібермеймін" деп оны құшақтап, тележүргізушіге жабысты. Ақыр соңында Нұрсұлтан оның ұсынысынан басын алып қашты.
Айтпақшы, оқиға соңына қарай модель бұның жай ғана әзіл екендігін айтып, Шотландияда 29 ақпанда тұрмысқа шықпаған қыздар өздерінің ұнатып жүрген жігітіне үйленуге ұсыныс жасайтынын айтып, ақталды. Мұнан бөлек, журналистен кешірім сұрады.