$ 494.87  520.65  4.91

«Мен де кеудемді істеп, сатып жіберейін бе, әкесінің аузы?!» - Динагүл Тасова (ВИДЕО)

«Тыныш, жаңалықты оқиын, тыңдаңдар! Кімдікі жақын, кімдікі жақын емес, өздерің табасыңдар...» - деген Динагүл Тасова, Skifnews.kz ақпарат порталының биылғы 29 сәуірде жарық көрген жаңалығын оқи бастады...

Атышулы Динагүл Тасова өзінің әлеуметтік желідегі «Отtime» бағдарламасының 4-шығарылымында мақтан тұтып жүрген жасанды омырауын сататынын айтты.

Басынан бастасақ, бағдарламаға әзілкештер Дастан Жайнақ пен Әділет Санатұлы қатысты. «Апама жездем сай» дегендей, жүргізуші үшеуі экран алдында жеңіл-желпі әзілдерімен, ерсі сөздерімен шамаларының жеткен жеріне дейін «оттап» бақты енді.

Сол «оттасуға» кеткен уақыттың 7:30-ында Динагүл Тасова екі қонағына «#Қайрат #120 #Басы» деген хэштегке сөйлем құрауды тапсырды. Екеуі ойларына келгенін айтып шыққаннан кейін «кеуделі» жүргізуші: «Давайте, мен жаңалықты оқиын. Сол жаңалықтан кейін сендерге балл беремін», - деді.

Қылжақбас қонақтар оған құлақ аспай, жырқылдаса бастап еді, «Тыныш, жаңалықты оқиын, тыңдаңдар! Кімдікі жақын, кімдікі жақын емес, өздерің табасыңдар...» - деген Динагүл Тасова, Skifnews.kz ақпарат порталының 29 сәуірде жарық көрген жаңалығын оқи бастады.

«Қайрат Нұртастың басы небәрі 120 мың теңгеге бағаланды. Қазақстандық танымал әншінің қуыршақ денесі сатылымға шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы», - деп зуылдатып шыққаннан кейін: «Мен де кеудемді істеп, сатып жіберейін бе, әкесінің аузы?!» - деп салды, көсіліп отырып, есіріп сөйлейтін әдетімен.

Сол сәтте әлгі қылжақбас қулардың бірі: «Жоқ, «Sex-shop»-та көп қой ондай», - деп еді, жүргізуші оған мән бермей, «оттауын» әрі қарай жалғастыра түсті...

Ерік ЕЛЕУСІЗ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары