Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім үйлену тойының фотосын көрсетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Аталмыш дерек көзінің жазуынша, актер ақ көйлек киген жарымен түскен фотосын Instagram-дағы парақшасына жүктеген.
Тәуекелдің жары Махаббат Түктібаева есімді ару. Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмамдаған. 24 жаста.
Тәуекелдің жазылушылары ақ лебіздері мен құттықтауларын білдірген. «Бақыт тілеймін. Үлгілі отбасы болуға тілектеспін», «Бақыттың базарында, Алланың назарында жүріңіздер»», «Заңды некелеріңіз құтты болсын, жұптарыңыз жазылмасын» деп жазған желі қолданушылары.
Естеріңізде болса, бұған дейін актер үйлену тойы 2020 жылдың 30 маусымына белгіленін, той Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде болатынын айтқан еді. «Қадірлі достар! Біз той күнімізді белгіледік. Салтанатты кеш 2020 жылдың 30 маусымына белгіленді. Той Алматы қаласында мейрамханада болады. Толық дайындықты бастап кеттік. іздің тойымызға дайындық барысын қарап, көріп, бағалап отырыңыз. Егер бұған қатысқыңыз келсе, мына +77017772316 нөмірге хабарласыңыз», - деп жазған болатын.