$ 494.87  520.65  4.91

«Ненің құрметіне отшашу?»: Димаш Құдайберген әкімдіктің тірлігін сынға алды

Осы қалыптарыңыздай таймай одан әрі жалғастыра беріңіздер, келер жылы тойлайтын адам қалмайды...
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Пандемиялық ахуал әбден ушығып, халық қарапайым парацетамол, аспирин мен аскорбин қышқылына зар болып жатқан тұста миллиардтаған қаржы жұмсап отшашу ұйымдастырған биліктің тірлігіне Димаш Құдайберген де пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Димаш Құдайберген де биліктің бұл тірлігін ерсі қылық ретінде қабылдаған.  

«Ненің құрметіне отшашу??? Коронавируске шалдыққандар бойынша әлемде алғашқы орынға шыққанымыз үшін бе? Астанада отшашу атылып жатқанда қарапайым халық оттегісі бар баллон таба алмай әлек! Осы қалыптарыңыздай таймай одан әрі жалғастыра беріңіздер, келер жылы тойлайтын адам қалмайды...», - деп жазған өзінің инстаграмм парақшасында. 

Димаштың бұл жазбасына айналасы бір сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам қолдау білдіріп пікір жазған. 40 мыңнан астам лайк басылыпты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары