$ 498.34  519.72  4.85

Белгілі актер Дархан Дайырбек көз жұмды

Марқұмның дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын жансақтау бөліміне ауыстырған екен.
фото: kinoteatry.kz
фото: kinoteatry.kz

baq.kz сайтының жазуынша танымал актер Дархан Дайырбектің пневмония деген диагнозбен ауруханаға түсіп қалғанын  БАҚ өкілдеріне журналист Жарылқап Қалыбай хабардар еткен. 

«Менімен аурухананың бір бөлмесінде жатқан «Терісқақпай» театрының актері, бірнеше киноға түскен Дархан Дайырбектің дем алуы нашарлаған соң 6 күн бұрын жансақтау бөліміне ауыстырған. Екі күннен бері ватсабы жауап бермеген соң, дәрігерімнен көмек сұрап едім, жағдайы нашар екенінін әріптестерінен біліп берді. Осыған байланысты Дарханның туыстары мен достарының шұғыл түрде ауруханаға келіп, жағдай сұрап, хабарласып, қолынан келген көмектерін аямауды өтінемін. Ал әлеуметтік желідегі ағайынға дұғада болуды сұраймын. Алла шипасын беріп, жансақтау бөлімінен аман шығуына тілекшімін!», – деп жазған-тын Жарылқап Қалыбай.

Осы хабарды естіген қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей де «Ағасы, Қайратпен сөйлестім. Жағдайы орташа, сорпа ішіп, денсаулығы жақсаруда деп қуантып қойды» деп жазған еді. 

Тағдырға не шара, бүгін таңға жуық Дархан Дайырбектің өмірден өткені белгілі болды. Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзінің facebook парақшасында «Курстасым Дархан Дайырбек те өтті өмірден...

Алла алдынан жарылқасын!

Ақжол, құлыншақ, бекем бол!!!...

Курстастарыма, Дарханның туыстарына қайғырып көңіл айтамын...
Иманы саламат болсын!...
Ақ көңіл, жаны жайсаң жан еді...», - деп өкінішін білдірген. 

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. «Терісқақпай» комедия театрының әртісі. «Әкім», «Құдалар», «Қазақша тонау», «Сүрбойдақ», «Келинка Сабинка-2», «Бес күндік күйеу», «Мен күйеу баламын» секілді фильмдерде басты рөлді сомдаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары