$ 494.87  520.65  4.91

«Бүкіл әлем күйеуіме қарсы соғыс ашса да...»: Төреғали Төреәлі әйелін әбден мақтады

Бір жағынан әу баста кімге тиіп бара жатқанын білді ғой десең...
фото: Төреғали Төрәлінің instagram парақшасынан
фото: Төреғали Төрәлінің instagram парақшасынан

Төреғали Төрәлі жұбайын туған күнімен құттықтап, оны мақтай жөнелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Келіншегіне "Менің Толқыным!" деген ән арнаған Төреғали, тіпті, Толқынының қабақ шытпағанын айтып, абыройын асқақтатты. Мәселен, әнші instagram парақшасына әйелімен түскен суретін жариялап, әсерлі жазба қалдырды.

"Бүгін менің жарымның туған күні! Бала туған күні емес, өзінің өмірге келген күні! "Әрбір жолы болған адамның тасасында тәуір жары тұрады" дейді ғой. Алла менің жарымды, менің жанымды осындай келіншек етті. Елге еркелеп қай сапарға, қанша күнге кетсек те, күлген күйі шығарып салып, күтіп алады. Бір жағынан әу баста кімге тиіп бара жатқанын білді ғой десең...
Мен әу бастан бүкіл ағаларыма, әке-шешеме, әулетіме одан кейін күллі қазақ халқына еркелеп өстім ғой. Соны сезді ме, мені жан-жарым да еркелетіп бақты. Жасырып қойсам да, жария қылсам да қабақ шытқан емес. Ата-анамның да, бала-шағамның да, дос-жаран, туған-туысқанымның тұрағы, берекесі, ұйытқысы осы келіншек. Бұл үшін ата-енеме де өлшеусіз қарыздармын!", - деп өлең жолдарын тізе кетті.

"Еркек" деген белгілі жынды емес пе!?
Айналады Күлмесхан, Үндемеске.
Жер басқанын міндет қып өз үйіне,
Ол қонаққа келеді күнде кешке", - деп Жүрсін Ерман көкем айтпақшы, бәріміздікі бір гәп қой.

Қатты мақтап жіберуге де қорқасың, көз бар, тіл бар. Ал "асыл жарым, сағынсаң қасыңдамын" дегендей, "мен барда ешкім сенің бетіңе жел болып тие алмайды. Алладан соң ата-анаңнан аманатқа алған қымбаттым, өмір шырағымыз қатар жанды, ұл-қыз өсіріп отырмыз ендігі жерде де бірге болайық!

"Бүкіл әлем менің күйеуіме қарсы соғыс ашса да, мен соның артында тұрып оқ алып беріп тұрамын" дейтін адал аналардың жолын жалға. Иман-ізетің, иба-әдебіңмен талайға ұнап келесің, неше балаң болса да, ішінде менен еркесі жоқ. Алла бар бақытымызды баянды қылып, қос дүниеде қол ұстасқан шын ғашықтардың сүрлеуіне салғай! Жүзің жарқын, жүрегің тыныш қалпыңда қасымда жүре бер! Мен сені жақсы көрем, біз сені жақсы көреміз!", - деп ағынан жарылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары