$ 494.87  520.65  4.91

Алматы полициясы әнші Кенталдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде жарияланған пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматы полициясы әнші Кентал түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ПД әлеуметтік желілерді бақылау кезінде осы видеоны анықтаған.

Бейнекадрде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адам: «Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса, біреуді несие қинаса. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз де өлеміз», - деді.

Тексеру кезінде видео авторы әнші және актер Талғат Кенжеболатов (Кентал) болып шықты.

Әлеуметтік желіде жарияланған пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды.

«Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес екенін хабарлайды. Т.Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғаны орынсыз», - деді полициядан.

Айта кету керек, кеше әнші Instagram желісінде жазба жариялады. Оны арнайы батальон қызметкерлері ештеңе түсіндірместен учаскеге алып кеткен. Сонда әнші бұл вайн осыдан 4 жыл бұрын түсірілгенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары