$ 494.87  520.65  4.91

The New York Times қазақстандық ремикс жасаушы Imanbek жайлы мақала жариялады

Иманбек өзінің ремиксін алғашында ресейлік әлеуметтік желіге жүктейді. Осылайша ол бірнеше айдың ішінде поп-жұлдызға айналды.
Фото: sputniknews.kz
Фото: sputniknews.kz

The New York Times 19 жастағы қазақ баласы жайлы мақала жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы bag.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған басылымда әлемдік хит әндердің ремиксін жасаумен айналысатын Иманбек Зейкенов жайлы мақала жарияланды. 

Иманбек алғашқы ремиксін жасаған кезде жергілікті темір жол станциясында жұмыс істеп жүрген. Сол кезде "Святой Иоанна" әніне қызығушылық танытып, оны билеуге икемдеп жасап шыққан. Нәтижесінде бұл әнді жаңа деңгейге көтерген.

19 жастағы Иманбек Зейкенов ата-анасымен бірге Қазақстанның Ақсу қаласында тұрады. Ол темір жол машина құрастыру мектебінде білім алып, өткен жылдың желтоқсан айына дейін теміржол станциясында жұмыс істеді. Алайда бәрі 2019 жылдың жазында бәрі өзгерді. Өйткені ол америкалық рэпер әрі әнші  Сент-Джонның "Розы" атты әніне ремикс жазған еді, - деп жазды басылым. 

Иманбек өзінің ремиксін алғашында ресейлік әлеуметтік желіге жүктейді. Осылайша ол бірнеше айдың ішінде поп-жұлдызға айналды.

"Roses" әнінің алғашқы нұсқасының шыққанына төрт жыл толғанда Иманбектің ремиксі өңі жаңа белеске көтеріп, бұл ән халықаралық хитке айналды. АҚШ-ғы Billboard Hot 100-тің нөмірі 5 әні болып, Біріккен Королдіктегі хит әндердің басында тұрды. Иманбек бұған дейін әндерді заңсыз көркемдеп келсе, өткен жылдың тамыз айында ресейлік  Effective Records лейблымен келісімшарт жасасқан. Одан кейін Saint Jhn компаниясымен ресми келісім жасасқан, - деп жазды басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары