$ 445.66  474.58  4.78

Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі туралы кино түсіріп жатыр

Әкемнің қашанда бақытты болғанын қалаймын. Оның қасында бір адам болу керек.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы алғаш рет эксклюзивті сұхбат берді. Інісінің дүниеге келгенін айтып халықтан сүйінші сұраған Асылжан аса бауырмал. Әкесімен жиі кездесіп, қарындастарымен хабарласып тұратынын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Асылжан Абдумуталиев режиссер мамандығы бойынша білім алып жүр. Өнер жолына кездейсоқ келмеген. Әкесі де, анасы да өнер адамдары болғандықтан бұл саланың қызығын да, қиындығын да сезінемін дейді. 

"Мен жай ғана жеңіл оймен келген жоқпын. Өнердің ауыр жол екенін білемін. Біле тұра, сезіне тұра режиссер мамандығын таңдадым. Бұл өз жанымның қалауы. Қазір Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер мамандығында оқимын. Жұмысым бір болғандықтан әкеммен жиі кездесемін, ақылдасамын", - деді Асылжан.

Ол әкесін ғана емес, қарындастарын да жиі іздейді. Хат жазып, хабарласып тұрады. Өзі Алматыда нағашы әжесімен бірге тұрып жатыр. 

Тағы оқи отырыңыз:

Сәбит Әбдіхалықов үшінші әйелінен алтыншы баласын сүйіп отыр

"Өнер адамдарының, халық танитын ата-ананың ұлы болғаным үшін қуанамын. Әкемнің қашанда бақытты болғанын қалаймын. Оның қасында бір адам болу керек. Сүйікті адамының болғаны үшін қуаныштымын. Жақында інім өмірге келді. Есімін Хақназар деп әкем қойды. Алланың назарында болсын деген ырым. Мен де оның жақсы азамат болып өскенін қалаймын. Қарындастарыммен хат жазысып тұрамын. Олар елордада тұрғандықтан жиі кездесе бермейміз. Бірақ қашанда көмек беруге дайынмын", - деді жас режиссер. 

Асылжан әкесінің жеке өміріне қатысты жайттарды айта алмайды. Бастысы денсаулығы жақсы. Қасында қосағы бар деп қуанады. 

"Әкем туралы жақсы да, жаман нәрсе де айтылады. Көпшіліктің орынсыз әңгімелері менің жүрегіме тиеді. Ауыр қабылдаймын. Себебі нақақтан жала жапқан ауыр. Әкем туралы қысқаша деректі фильм түсіріп жатырмын. Жақында көріп, бағасын берерсіздер", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары