$ 494.87  520.65  4.91

«Бәрібір түбінде өлеміз»: Кентал 4 жыл бұрын түсірген вайны үшін жазаланды (ВИДЕО)

Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті.

Кентал лақап атымен танылған қазақстандық әнші Талғат Кенжеболатов құқық қорғау органдарының формасын кигені үшін айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кенталға 5 АЕК (13 890 теңге) көлеміндегі айыппұл салынған. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша айыпты деп танылды.

Сот отырысы бірнеше рет кейінге қалып, 22 шілдеде онлайн режимде өтті. 

Музыкант бұл үкімге шағым түсірмек ниетте. Оның видеовайны 2016 жылы түсірілген.

Роликте Кентал полицей формасын киіп, былай дейді: "Сәлем, достар! Кім күйзеліске түсіп жүрсе, өмірі қиын болса, жаны ауырып жүрсе, жұмыста не үйде қиналып жүрсе. Кімде кредит болса. Уайымдамаңыздар. Бәріміз түбінде өлеміз".

Кентал полицейлердің үстінен Бас прокуратураға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағым түсірген. Сөйтсе оның үйіне қарулы арнайы жасақ кіріп келіп, ұстау хаттамасын көрсетпей, полицияға әкеткен. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қысым көрдім дейді. 

Ал Алматы полициясындағылар Кенталдың әрекеті жұрттың уайымын күлкіге айналдырды деп есептейді.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары