$ 447.4  477.55  4.76

«Ел мен Ернар»: әнші Ернар Айдар өзін жамандап жүргендерге жауап берді

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

Әнші Ернар Айдар карантин ережесін бұзып, жалған лотерея ойнатты деп айыпталған болатын. Енді әнші ұзақ үзілістен соң ел арасында өзін жамандап, іріткі салып жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен үшін. Мен сүйетін, мені сүйетін халқымның ықыласы мен, берген ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Ел мен Ернардың ортасына іріткі салып, жаман сөздер жазатын санаулы жандарға айтарым, мен сіздерді жек көрмеймін баршаңызға жақсылық тіледім.
Біреудің астындағы тақ пен талассаң да, басындағы бақ пен таласа алмайсың, Алланың әр пендесіне бөліп берген несібесі бар, соған шүкір етіп, мақсатына жету үшін өзгені аңдымай, өз кемшілігің мен күресіп аянбай еңбектену керек деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Алланың қалауынсыз ел мен Ернардың ортасындағы мықты да мөлдір махаббатты ешкім жоя алмайды. Қандай жағдай болса да, мені түсініп, маған сеніп, қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріме, халқыма мың алғыс, мен сіздер мен Ернар Айдармын. Бақытты да, қызықты сәттер, парақтап көріңіздер", - деп жазды әнші instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары