$ 444.22  476.38  4.82

«Димаш Құдайберген» Марсқа ұшып кетті

Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды.
Фото: Димаштың инстаграм парақшасынан
Фото: Димаштың инстаграм парақшасынан

Әнші Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында Марсқа өзінің аты жазылған микрочип жөнелтілгелі жатқанын сүйіншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығында Марсқа ұшу алдындағы кері санақ басталды. 30 шілде күні, шығыс уақыты бойынша сағат 07:50-де жаңа астробиолог ол жақта бұрын өмір болғандығы туралы деректерді жинау үшін Марсқа ұшып, сол жақта сегіз ай болады», – деп жазған Димаш Құдайберген өз парақшасында.

Димаш Құдайбергеннің есімі жазылған отырғызу талонын АҚШ, Түркия, Ресей секілді мемлекеттер берген.

«Мені әрдайым, барлық жерде қолдап жүретін тыңдармандарыма рақметім шексіз. Біздің есіміміз жазылған микрочиптер Марсқа 2021 жылы жетеді», – дейді әнші.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары