Актер Дәурен Айдарқұлов instagram парақшасына көпшілікті елең еткізерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жақында ғана актриса Айбота Сейтмағанбет екеуінің шаңырағы шайқалғандығын айқан актерға отбасылық жылылық жетіспей жүрген көрінеді.
Мәселен ол: "Үй бар. От бар. Жылу жоқ", - деп жазған.
Талай киноларға түсіп, шығармашылық бағытта асығы алшысынан түсіп жүрген оның бұл жазбасын оқығандар түрлі пікірді қарша боратты.
Бірі "Бәрі уақытша! Сабыр, бір Алладан... және өзің", - десе, енді біреулері: "Екі кеменің басын ұстаған суға кетер", "Сұлуларга мықты болсаңыз болар еді, өте-өте ыстық боп жүрер едіңіз", "Әй, балам-ай, өткеннен кейін өкінетіндеріңді ойламай опық жейтіндерің қиын-ау!?", "Жылуыңды өшірген өзің емес пе, бір жас қызға бола... соңы не болды?", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.