$ 449.3  489.69  4.89

Атышулы «Ninety One» тобының құрамы өзгерді

Компания топқа оның орнына басқа әнші алуды жоспарлап отырған жоқ.
фото: pinterest.com
фото: pinterest.com

Қазақстан эстрадасында ерекше стилімен танылған «Ninety One» тобының құрамы өзгерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жігіттерден құралған шығармашылық ұжым құрамынан AZ деген лақат атымен танылған Азамат Зенкаев шықты.

"Жоспарланған қуанышты жаңалықтарға толы жылда, «Ninety One» тобы, өкінішке орай, бірқатар жағдайларға байланысты, топ мүшесі AZ-мен келісімшартты тоқтатуға мәжбүр болды", - деп жазылған "Juzentertainment" парақшасында.

Желідегі ақпаратқа көзжүгіртсек, "Juz Еntertainment" компаниясы мен топ мүшелерінің келіссөз жүргізуі барысында, екі тараптың келісімімен келісімшарт 4 тамызда заңды түрде тоқтатылған. Ендігі кезекте компания топ құрамына оның орнына басқа әнші алуды жоспарламаған. Сондықтан да «Ninety One» тобы әрі қарай шығармашылық жұмысын 4 жігіт болып жалғастыра береді. 

Бір ескерерлігі, АZ топ құрамынан шыққанына қарамастан, топ мүшелерімен достық қарым-қатынаста. 

Азамат Зенкаев - 1993 жылы 28 қыркүйекте туған. Атырау өңірінің тумасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ninety One