Мәдениет & Шоубиз 07.08.2020 сағат 07:05

«Дүние жанбақ түгілі күйіп кетсін»: Лидия Каденованың ұлы екінші рет үйленетінін жарияға жар салды

Дидар Кәден бұл хабарды ерекше өлең жолдарымен жеткізген.
«Дүние жанбақ түгілі күйіп кетсін»: Лидия Каденованың ұлы екінші рет үйленетінін жарияға жар салды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Отандық танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы жақын арада оған келін сыйлап қуантпақ. Дидар Кәден осы жылдан қалмай, екінші рет үйленетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Белгілі актер қуанышты жаңалығымен Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Ол екінші мәрте шаңырақ көтергелі жатқанын өз оқырмандарына айтуды жөн көрген. Дидар Кәден бұл хабарды ерекше өлең жолдарымен жеткізген.

"Сүйгендер сүйгендерін сүйікті етсін, Махаббаттың тұғырын биіктетсін Мен де биыл анама келін сыйлайм Дүние жанбақ түгілі күйіп кетсін" , - деп жазған Кәденованың ұлы.

Өнер иесі парақшасында анасымен түскен фотосын жариялап, оның астына "Қазақ елінен минус бір бойдақ" деген жазба қалдырған. Желі қолданушылары Дидар Кәден үшін аса қатты қуанып, бұл жаңалықты асыға күткендерін жарыса жазуда. Олар актерді құттықтап, сүйіктісі екеуіне ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Дидар Кәден бұған дейін отбасылы болған. Алайда, өнер иесінің бірінші әйелімен дәм-тұзы жараспай, некесі сәтсіз аяқталды. Ерлі-зайыптылардың ортақ Дияр есімді ұлдары бар. Бүлдіршін бүгінде анасымен бірге тұрады. Бірақ, демалыс күндері әкесімен жиі көрісіп тұрады. 

Еске сала кетейік, Лидия Кәденованың бұрынғы келіні ажырасқан соң, психолог мамандардың көмегіне жүгінгенін айтқан болатын. Айым Алтынбекова екі ай бойы барып, олардан түрлі кеңес алған болып шықты. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар