$ 498.34  519.72  4.85

«Түкіртетіндер көбейіп кетті»: Айдарбекова карантин кезінде балалардың аузына түкіргеніне мақтанды (ВИДЕО)

Осы жазбасының растығын дәлелдегісі келгендей, оған қоса қатарынан 9 видео жүктеген. Олардың бәрінде Гүлзира Айдарбекова да, қала тұрғындары да маска тақпай және арақашықтық сақтамай жүр.
фото: youtube.com
фото: youtube.com

Індет өршіп тұрған кезде ерегіскендей, көшедегі жұрт ырымдап, әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға балаларының аузына түкіртіп алып әлек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дегендей, дәл карантин кезінде қалаға серуенге шыққан продюсер Instagram парақшасында өзін халықтың «сағынып қалғанын», тіпті, балаларының аузына түкірткендердің де көп болғанын айтып мақтанды.

«Ардақ қайын інім, Арай келінім кеше біраз таза ауаға қыдыртып қайтайық деп, кешкі астан соң серуендеп қайттық. Халықты мен сағындым ба десем, мені де халық сағынып қалған сияқты. Бүгін ғана инстаңыздан көлік ұтып алған келіншектің бөпесіне түкіргеніңізді көріп, қалай тапсам болады деп армандап қалып едім, тура алдымнан шықтыңыз деп бір келіншектің бастағаны сол екен, түкіртетіндер көбейіп кетті.

Жұртпен суретке түсіп, сағынышымды басып, балаша мәз болып қайттым. Алла ниеттеріне жеткізсін! Бақытты күндеріміз көп болып, амандығымызбен бір-бірімізді қуанта берейік», - дейді, биліктің көшеде маска тағып жүруді не үшін міндеттегенін «қақпаған» Гүлзира Айдарбекова.

Осы жазбасының растығын дәлелдегісі келгендей, оған қоса қатарынан 9 видео жүктеген. Олардың бәрінде Гүлзира Айдарбекова да, қала тұрғындары да маска тақпай және арақашықтық сақтамай жүр. Әрине, жазбаға пікір қалдырған оқырмандарының дені әлемде ауру асқынған ауыр кезеңде баланың аузына түкірген әншінің анасын да, оған түкірткен басқа аналарды да оңдырып жатқан жоқ.

«Түкірген дегенді кайдан тауып алган жұрттар? Қойсаңдаршы осындайларды? Көз тимесін деп түкіреді деуші еді. Барлығы сұмдық боп биіктеп кетеді деп кім айтты?», «Ана баланың анасының дені сау ма? Бөтен жанға баланың аузына түкіріп бер деу не деген сұмдық?! Тіпті, ол соншалықты танымал болса да», «Тазалық қайда қалды, түкірік дәрі ме?» деп шуласты көпшілік.

Ал сынға пысқырып та қарамайтын сыңайдағы Гүлзира Айдарбекова әдеттегідей: «Ата-бабаларымыздан келе жатқан ырымды сіз жоқ етіп жібере алмайсыз. Адамда ниет деген болады. Шын сұраса, Алла шебер», «Ойыңызға қатты алсаңыз, сол жағдай тез орын алады. Екіншіден, иммунитет мықты болса, ауыра қоймайсыз. Таза ауа да керек адамға. Кішкене жаяу жүріп, бойыңызға қан жүгіртіңіз. Уайымдай бермеңіз, құрысын» дегендей қарсы пікірлер жазып шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары