$ 447.4  477.55  4.76

Ертең елімізде тұңғыш рет Абай күніне арналған 100-ден астам шара ұйымдастырылмақ

Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі барлық іс-шара онлайн түрінде өтеді.

10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтіледі. Мерейтой аясында республика бойынша 100-ден астам шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Хәкім Абай мерейтойы аясындағы республика көлеміндегі барлық іс-шара онлайн түрінде ұйымдастырылады.

Абай күніне орай, ертең сағат 21:00-де Қазақконцерт сахнасында жанды дауыста «Абай арманы» мерекелік онлайн концерті өтеді. Ұлы Абайдың музыкалық мұрасын Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан сынды белгілі өнер жұлдыздары паш етеді. Ол YouTube-тегі Qazaqconcertlive арнасында көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары