$ 494.87  520.65  4.91

«Жұлдызды жекпе-жектегі» төрешілер маған авторитет емес»: жас әнші Мейрамбек Бесбаевты мойындамайтынын айтты

Тоқтарларға, Мейрамбектерге солай қарайды. Бір сұрағым бар. Олар дәстүр үшін не істеді? Дәстүрдің майданында жүрген адамдар бар. Ержан Төлеутай деген секілді.
фото: gakku.kz
фото: gakku.kz

Қазақстан эстрадасында ерекше әндерімен енді-енді танылып келе жатқан әнші Назарбек Оразбеков Мейрамбек Бесбаев мен Тоқтар Серіков жайлы не ойлайтынын айшық айтты. Оның ойынша, Тоқтар мен Мейрамбек "ескі көзқарастағы адамдар" екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Nursultan Qurman" арнасына сілтеме жасап.

Өнерсүйер қауымға белгілі "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасына қатысқан өнерпаз, ол жердегі атмосфера жайлы сөз қозғап, жоба төрешілерін "авторитет" санамайтынын жеткізді. Әнші Назарбектің пайымдауынша, халық Мейрамбек Бесбаевты тек дәстүрдің майталманы ретінде сыйлайтын көрінеді. Дегенмен, жас өнерпаз "эстрада жұлдызы дәстүр үшін ештеңе істеген жоқ" деген ойда. 

"Тоқтарды аға деп айтпаймын, Тоқтар деп айтамын. Себебі, ол кісілерге қарызым, байланысым жоқ. Өнерде өз жолыммен жүріп келемін. Басында сахнаға шыққан кезде ол жердегілер маған мінсінбей қарап, "Ты какой-то в баре" деп айтты ғой. Кейіннен қолдап кетті. Ол жердегі төрешілер маған авторитет емес. Бұл жобада сахнаға шығып, өнерден ләззат алу миссиям болды. 

Мейрамбекті негізі мақтағым да, айтқым да келмейді. Мен оларға жай ғана "ескі адамдар" деп қараймын. Шыны керек, халық оған дәстүрдің майталманы ретінде қарайды. Тоқтарларға, Мейрамбектерге солай қарайды. Бір сұрағым бар. Олар дәстүр үшін не істеді? Дәстүрдің майданында жүрген адамдар бар. Ержан Төлеутай деген секілді...

Конкурс жайлы айтсам, жылда сол көрініс. Соңынан келіп, "әділ болмады, сен жеңуің керек еді" деп айтып жатады. Бірақ, олай айтудың еш қажеті жоқ. Мен оны баяғыда түсінгенмін", - деп атышулы бағдарлама, ондағы әділқазы мүшелерінің көзқарастары жайлы пікірін айтып, көкейіндегі сөзін іркіп қалмады.

Сондай-ақ ол, "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасына  жеңіс үшін емес, өнерді дәріптеу үшін барғанын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары