$ 449.3  489.69  4.89

«Тойды дүркіретіп өткізудің қажеті жоқ»: Дина Төлепберген ақ көйлек кимей-ақ тұрмысқа шыққанын айтты

Сасқаннан қолыма ілінген джинсиды киіп алыппын. Бетімді, тісімді жуып үлгердім әйтеуір.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қазіргі кезде "аста-төк дастархан жайып, дүркіретіп той өткізудің қажеті жоқ" деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, журналистің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оның пайымдауынша, жас жұбайларға той жасамай-ақ бақытты болуға болады.

"Тұрмысқа тойсыз да шығуға болады, өзім тексердім" деп жазбасын бастаған ол, оқырмандарына бір құпиясын ашты.

"Қыздар, сендерге бір құпиямды айтайын. Мен тұрмысқа тойсыз шыққан жанмын. Бұл осыдан 8 жыл бұрын болған еді. Әлі есімде, таңертең күн борандатып тұрды. 15-ші желтоқсан. Мен будильникті таңғы сағат 07.00-ге қойғанмын. Бірақ, түні бойы ойланып, көз ілмеген соң, таңсәріде тәтті ұйқыға батыппын. Оянсам, 09.15. Енді қайттім?! 15 минуттан кейін болашақ күйеуім келуі керек. Абыр-сабыр. Сасқаннан қолыма ілінген джинсиды киіп алыппын. Бетімді, тісімді жуып үлгердім әйтеуір.

Сөйтіп, АХАЖ бөліміне кірдік. Неке туралы куәлікке қол қойып, құжатты алып кете саламын деп ойлағанмын. Жоқ, сондағы маман "как положено" сұрақтарды қойып, ресми түрде бізді ерлі-зайыпты етті. Сол күні студияға барып, тағы "Астарлы ақиқатты" жаздым", - деп ақ көйлек кию армандағанын жазды.

Дегенмен, Дина Төлепберген тұрмысқа шыққанына 5 жыл болғанда отбасымен бірге тойға арналған фотосессияға түсіп, арманына ақыры қолжеткізген екен.

"Ақ көйлек кию арман болатын. Ал қазір атақты брендтердің өздері "киіңізші" деп өтінеді.

Меніңше, тойды дүркіретіп өткізудің еш қажеті жоқ. Тойсыз да бақытты болыңыздар!", - деп сөзін түйіндеді Дина ханым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары