$ 494.87  520.65  4.91

Желіде Ақбота Сейітмағамбеттің белгісіз жігітпен құшақтасып түскен суреті таралып кетті

"Осыларда дайын тұра қалады екен".

 Атышулы "КешYOU" құрамында өнер көрсеткен Ақбота Сейітмағамбет тағы да елдің қызу талқысына қалды. Ғаламтор кеңістігінде оның белгісіз ер азаматпен құшақтасып тұрған суреті тарап кеткен. Онда әнші мен бейтаныс ер адамның көлдің ортасында кемеде тұрғандарын байқауға болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылардың басым көпшілігі суреттегі жігітті Ақбота Сейітмағамбеттің жаңа ғашығы болса керек деп жорамалдады. Олар жақында ғана екі баласының әкесі Дәурен Айдарқұловпен ажырасқан өнер иесіне бақыт тілеп, өзінің ыстық лебізін білдіріп жатыр.

 Оған қоса, кейбір адамдар оны ажыраса салып, өзге жігітпен құшақтасқаны үшін сынады.

 "Ақбота сұлу десе, сұлу қыз ғой. Ол бақытқа лайық, тек қайдағы біреуге ұрынып қалды", "Міне, осындай өзіңмен қатар, жас жігіттермен бас қоспадың ба кезінде", "Не деген әдемі жұп", "Бақытты болыңыз!", "Ажырасқаны кеше ғана, басқа біреу тауып алған ба сол аралықта", "Өте жарасымдысыздар", "Осыларда дайын тұра қалады екен", - деп жазды желі белсенділері.

 Ел арасында шу тудырған фото Instagram-дағы "qaz.stars" парақшасында жарияланды. 

Еске сала кетейік, Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың ажырасып кеткені туралы 11 шілде күні белгілі болды. Кейіннен белгілі актер әнші жарымен не себепті ажырасып кеткенін ашып айтқан еді. Ол келіншегі өзін сүймей кеткенін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары