Қазақ әншісі Луина алғаш рет ана деген киелі есімді иеленді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сүйінші жаңалықты Луинаның жолдасы Артем Instagram-парақшасында мәлімдеді.
"Күптен күткен сәтке де келіп жеттік. Баламыздың дені сау, бізде барлығы жақсы. Ұлымызды дүниеге әкелгеніңе рахмет! Мен сені қатты жақсы көремін. Енді тезірек перзентханадан шығуларыңды күтеміз!", - делінген жазбада.
Тағы оқи отырыңыз:
«Ішуді қойдым»: жақында тұрмысқа шыққан Луина өмірінің қалай өзгергенін айтты
«Күндіз имам»: жатын киіммен қызойнағын өткізген әнші Луина Алла үйінде некелесті
Досының саусағын аузына салған Луина жұрттың ашуын келтірді
«Үйде киіп жүруге болады»: жұлдыздар әурет жерлерін жастықпен жауып әлекке түсті
«Үрленген шар сияқты»: әнші Луина өзінің омырауы жайлы айтты
Оқырмандары шын жүректен ақжарма тілектерін ақтарып, баланың аман-есен өсіп кетуін жарыса тілеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, әнші 20 жасында алғаш рет тұрмыс құрып, некесі сәтсіз аяқталған еді. 2010 жылы өз продюсері Жомарт Каринбаевпен азаматтық некеде 8 жыл тұрған болатын. 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Артем Обузовқа тұрмысқа шықты.