$ 445.66  474.58  4.78

Димаш Құдайберген қайтадан Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті атанды

Айтпақшы, 18 маусымда Қазақ ұлттық өнер университеті Димаш Құдайбергеннің ««Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі» атты магистрлік диссертациясын қорғады.

Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің доктурантурасына түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңалықты университеттің Instagram-дағы ресми парақшасы мәлімдеді.

«2020-2021 оқу жылына арналған Қазақ ұлттық өнер университетінде докторантураға қабылдануға үміткерлердің тізімі жарияланды.

Олардың ішінде музыкатану мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы бар.

"Оқуға түскен түлектерді құттықтаймыз және болашақ ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғауларына тілектеспіз!" - делінген хабарламада.

Айтпақшы, 18 маусымда Қазақ ұлттық өнер университеті Димаш Құдайбергеннің ««Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі» атты магистрлік диссертациясын қорғады.

Коронавирустық инфекция қаупіне байланысты емтихан қашықтық форматта өтті.

«Композиция» мамандығының магистранты ең жоғары бағаға - 100 балл алды. Ол сонымен қатар докторантураға түсу туралы ұсыныс алды», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары