$ 448.15  483.46  4.86

Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов желідегі парақшасында туған жері туралы сыр шертті

Тимур Бекмамбетов - кеңестік, қазақстандық және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер, клипмейкер.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қазақстаннан шыққан танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады. Ол атыраулық өлкетанушы Вячеслав Афанасьевті 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, балалық шағын еске алды,  деп хабарлайды Stan.kz.

"Мен сыныптастар тобымен және жас өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі Вячеслав Афанасьевтің басшылығымен алғашқы экспедицияға барған кезде 7 жаста едім. Күні бойы Сарайшықтың қирандыларын аралап жүріп, жасыл түсті металл бөлігін таптым, ол анықталғандай, 14 ғасырдың тиыны болып шықты. Туған өлкеміздің тарихына деген сүйіспеншілігімізді оятқан атақты өлкетанушының мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Бекмамбетов.

Тимур Бекмамбетов - кеңестік, қазақстандық және ресейлік кинорежиссер, сценарист, продюсер, клипмейкер. Ол 1961 жылы 25 маусымда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. Оның әкесі "Гурьевэнерго" басшысы, ал анасы, журналист Мирра Богословская облыстық газеттің бөлім меңгерушісі болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары